Юрина Е.А. Тілдік бейнелер аясындағы қазақ халқының тағамдық дәстүрі. / Лингвомәдениеттану сөздігі / Е.А. Юрина, Ө.А. Жұмагұлова, А.Д. Жақыпова, И.С. Қаирбекова, А.Ө. Мұкашева. Ж.О. Сағындықова, Г.Т. Тлеубердина. – Алматы, CyberSmith, 2019. -224 б.
Сөздік қазақ халқының ұлттық тағамдары және азық-түліктерімен ұқсастығы негізінде қалыптасып, болмыстың түрлі құбылыстарын таңбалайтын қазақ тілінің бейнелі құралдарын қамтиды. Сөздікке тағамдық бейнелер негізінде туған тілдік және авторлық метафоралар, тұрақты тіркестер, тұрақты теңеулерлер енген. Тілдік бірліктердің түсініктемесі түрлі мәнмәтіндегі иллюстрациялар, қазақ халқына тән әлемнің тілдік бейнесіндегі мәдениеттанымдық түсініктемелер, типтік бейнелі көріністер арқылы беріледі.
Сөздік қазақ тілі, әдебиеті мен мәдениеті саласындағы мамандарға және сөз өнеріне қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналған.