Химиядан жұмбақ есептер

Тантыбаева Б.С. Химиядан жұмбақ есептер: Оқу құралы / Б.С. Тантыбаева, Ж.Ә. Ибатаев; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. – Алматы: CyberSmith, 2019. -96 б.

Ұсынылып отырған оқу құралында химия бойынша жүзден аса қиындатылған, шешілуі жағынан дәстүрлі оқулықтарда жиі кездеспейтін есептер жинақталған. Жұмбақ есептер химия ғылымындағы ең бір практикалық маңызды мәселе – белгісіз затты анықтауға, оның қасиеттерін сипаттауға, болжауға бағытталған. Есептер бір қарағанда типтес болғанымен химияның түрлі саларын қамтып, жан-жақты білімді талап етеді, сондықтан оларды шешу барысында оқушылардың, студенттердің жалпы танымы, әсіресе химиялық танымы жақсы дамиды.

Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының химиялық, технологиялық, экологиялық мамандықтары студенттеріне, жоғарғы сынып оқушыларына, сонымен қатар басқа да химия саласы бойынша ізденген көпшілікке арналған.