Тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті: ұғымдар мен технологиялар

Тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті: ұғымдар мен технологиялар. Төртінші басылым

Авторлары: Баттл Фрэнсис, Маклан Стэн
ISBN: 978-601-7621-25-4
Тілі: қазақ
Баспасы: Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
Жылы: 2020
Бет саны: 444


Бұл еңбек тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті саласын, оған қатысты теориялар мен тұжырымдарды жүйелейді. Кітап тұтынушыларға құндылық жеткізу үшін олармен қарым-қатынас орнатуды негізгі бизнес-стратегия ретінде қарастырып, тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті (СRМ) ұғымы, оның артықшылықтары, қолданылатын жағдайлары, технологиялары мен стратегияларын түсіндіреді. Сонымен бірге тұтынушыға қол жеткізу, оны ұстап қалу және өзара қарым-қатынасты дамыту кезеңдері жан-жақты қамтылып, тұтынушыға қатысты деректер жинау, оны қолдану және бұл процестерде маркетинг, сату, ақпараттық технологиялар, НR-менеджмент, қызмет көрсету, бухгалтерлік есеп және стратегиялық менеджмент салалары қалай байланысатынын көрсетеді. 15 тараудан тұратын еңбек әр тақырыпқа қатысты кейстер, нақты мысалдармен толықтырылған.

Оқулық экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.