Шағын бизнестегі менеджмент: кәсіп бастау және венчурді дамыту

Шағын бизнестегі менеджмент: кәсіп бастау және венчурді дамыту. 18 басылым

Авторлары: Лонгенекер Г. Жастин, Петти Ж. Уилиям, Палич Лесли Е., Хой Франк
ISBN: 978-601-7621-28-5
Тілі: қазақ
Баспасы: Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ
Жылы: 2020
Бет саны: 704


Шағын бизнес – дүниежүзілік экономиканың басты тірегі. Әлемдегі қаражаттың көбі алпауыт компанияларда емес, үй жанындағы шағын дүкендерде, гүл сататын дүңгіршектерде, кішкентай кофеханалар мен тігін шеберханаларында айналып жатыр. Әр адам ұдайы көлігінің майын ауыстырып, оны жуғызады, сансыз рет жақындарына гүл сыйлайды, таңғы шайға тәтті тоқаш сатып алады, көйлегінің етегін қысқартып, үйін жөндетеді. Осының бәрін шағын бизнес субъектілері атқарады. Қолыңыздағы оқулық Америка Құрама Штатындағы шағын бизнеске қатысты заңнамаға сүйеніп жазылғанымен, бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлердің өмірі мен табысқа жету құпиясынан сыр шертеді.

Бұл еңбек адам бойындағы кәсіпкерлік «өзекті» тани білуден бастап, кәсіпорынды құру, өсіру, дамыту, тіпті мұраға қалдыру сынды кезеңдердің бәрін мысалдармен, кейстермен толықтыра отырып егжей-тегжейлі сипаттайды. Оқулық экономика, менеджмент, кәсіпкерлік бағытында білім алып жатқан студенттерге және кәсіпкерлік табиғаты туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналады.