Т. Әлбеков, Т. Әкімова, Е. Еркін, О. Жолдыбай. Дала фольклорының антологиясы: Он томдық. – Т.9: Халық өлеңдері. 2020 – 452 б.
«Дала фольклоры антологиясының» тоғызыншы томы халық өлеңдеріне арналған. Томға қара өлең, толғау, терме, тарихи өлең, ән өлең, хат өлең, өтірік өлең, мысал өлең, мысал айтыс, қыз бен жігіт айтыстарының таңдаулы үлгілері топтастырылды.
Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.
Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.