Прозалық фольклор: Аңыздар

Әлбеков Т., Мурсалимова Н.М., Оралбек А. Дала фольклорының антологиясы: Он томдық. – Т.8: Прозалық фольклор: Аңыздар. 2020-472 б.

«Дала фольклоры антологиясының» сегізінші томы прозалық фольклордың аңыздық жанрларына арналған. Томға мифтердің, хикаялардың, аңыздардың, әпсаналардың, хикаяттардың, ауызекі әңгімелердің таңдаулы үлгілері топтастырылған.

Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.

Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, фольклорлық мұраны қастер тұтатын қалың оқырман қауымға арналған.