Театртану. Кіріспе

Балм Кристофер. Театртану. Кіріспе. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 224 бет.

Жаңа Зеландияда дүниеге келіп, Мюнхенде (Германия) ғалым ретінде қалыптасқан театортанушы Кристофер Балмның «Театртану» еңбегі осы саланы академиялық университеттік пән ретінде оқытуға арналған. Автор әдіснама, зерттеу әдістері мен тәсілдері мәселелеріне назар аударады. Кітаптың кіріспесі және 3 бөлімі, 12 тарауы бар. Жалпы арнайы пән пайда болғанға дейін театртанудың негізгі бөлігін Еуропа драмасының  “алтын ғасырын” және классикалық Грекия, Шекспир, Мольер немесе Веймар классицизмі драматургиясын зерттеумен айналысқан әдебиет зерттеушілері қарастырды. Кейінгі жылдары бұл салаға бел шеше кіріскен зерттеушілер «Театртануды» жеке гуманитарлық пәнге айналдыра білді. Кітап театр тәжірибелерін түрлі мәдени және тарихи астар арқылы түсіндіруге арналады. Театрдың аса күрделі табиғаты мен түрлі көзқарас бойынша зерттеу мүмкіндігін көрсету де басты бағдар ретінде алынған.
Кітап өнертану бағытында білім алып жатқан студенттерге, магистранттарға  және осы саланы зерттеушілерге арналған.