Кино теориясы: Эйзенштейннен Тарковскийге дейін

Фрейлих С. И. Кино теориясы: Эйзенштейннен Тарковскийге дейін. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020 жыл. – 412 бет.

Бұл – “Кино өнерінің теориясы” курсына арналған оқулық. Кітаптың авторы – кино өнерінің тарихы мен теориясын зерттеген белгілі ғалым. Ол өз тұжырымдамасында киноны ХХ ғасырдың өнеріне балайды, сондай-ақ бүгінгі адамзаттың рухани әлеміндегі киноның алар орнына баға береді. Зерттеу аясы айтарлықтай ауқымды: мұнда классикалық кинодан бастан қазіргі заманғы киноға дейін қамтылады. Автор кино мен телевизияның  өзара қарым-қатынасына, «асқақ» және «аласа» жанрларға, кинодағы бүгінгі  стильдерге, киноның тәсіліне және оның театр, әдебиет,  кескіндеме және музыка тәсілдерінен айырмашылығына баса назар аударады.
Театр және кинематография саласына маманданатын студенттерге, кино өнеріне қызығатын оқырмандарға арналған.