Тарихи антропология

Тарихи антропология

Авторы: Михаил Маркович Кром
ISBN: 978-5-94380-101-3
Тілі: орыс
Баспасы: «Издательство Европейского университета» (Санкт-Петербург)
Жылы: 2010
Бет саны: 214


Аннотация:
Оқу құралы оқырмандарды заманауи тарихи зерттеулердегі аса ықпалды бағыттардың бірімен таныстырады. Мұнда антропологиялық бағыттағы тарихтың бастапқы (менталдылық тарихы) түрлерінен бастап, кейінгі түрлеріне (микротарихтар, күнделікті өмір тарихы, жаңа мәдени тарих) дейін қамтылған. Тарихи-антропологиялық бағыттағы жұмыстардың жалпы сипатымен қатар, жекелеген ұлттық мектептердің (Франция, Италия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания) өзіндік ерекшеліктеріне мән беріледі. Тарихшылар мен антропологтардың пәнаралық пікір алмасу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.

Оқу құралы тарихқа маманданатын студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды оқып-үйренуші жалпы қауымға арналған. >>Оқу>>