Кино өнеріне кіріспе

Кино өнеріне кіріспе

Авторлары: Дэвид Бордуэлл, Кристин Томпсон, Джефф Смит
ISBN-10: 1259534952
ISBN-13: 978-1259534959
Тілі: ағылшын
Баспасы: McGraw-Hill Education
Жылы: 2016
Бет саны: 544


Алты бөлімнен тұратын бұл кітап – авторлардың қырық жыл бойы ізденіп жазған ауқымды еңбегі. Кітапта фильм өндірісі процесінің әртүрлі аспектілері, кино технологиясы, жұмыс жүргізу мен оның бизнеске қатысты тұсы және фильм формасы кеңінен сөз болады. Еңбекте фильм жасау техникалары: мизансцена, кинематография, монтаждау тәсілдері мысалдар арқылы талданады. Әрі жанр идеясы ерекшелігіне қарай топ-топқа бөлініп, жан-жақты қарастырылады. Бұл кітап оқырманның фильм жөнінде өз сыни көзқарасын қалыптастыруына ықпал етеді. Еңбекте кино өнерінің тарихы туралы да кеңінен айтылады.

Туынды фильм түсіруге, кино жайлы еңбек жазуға талпынған мамандарға, осы бағытта оқитын студенттерге, оқытушыларға, әуесқой фильм түсірушілерге арналған. Қарапайым көрермен бұл кітап арқылы фильмді түсініп, оны бағалауды, ой-пікір білдіруді үйренеді.