Төлеген Ө.Ш. Логикалық жаттығулар мен қызықты-тапсырмалар: оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы», 2018. – 94 б.
Оқу-әдістемелік құралында бастауыш сынып оқушыларына арналған логикалық жаттығулар мен қызықты тапсырмалар, сондай-ақ математика сабақтарында қолданылатын кейбір дидактикалық ойындар жинақталған. Тапсырмалар мен жаттығулар, дидактикалық ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, іріктелген, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Оқу-әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне, педагогикалық оқу орындарының студенттеріне және математикаға қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналған.