Ф.Н. Жұмабекова. Өнер көзі – халықта. Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқау (Екінші басылым). Астана: 2017. – 278 б.
Аталған еңбекте Үлгілік оқу бағдарламасының шығармашылық саласы бойынша балалардың жас ерекшелігіне сәйкес бейнелеу өнері сабақтарының әдістемелік нұсқауы, жаңа технологияларды пайдалану жолдары, сурет салу, мүсіндеу және жапсыру сабақтарының технологиялық картасы мен жылдық жоспарлары, бой сергіту жаттығулары, дидактикалық ойындар мен балабақшаны безендіруге арналған тұрмыстық талғам жайында толық материалдар ұсынылған. Еңбек мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандықтарының студенттеріне, балабақша тәрбиешілері мен ата-аналарға басшылыққа алуға және кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға арналған.