Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері: Оқу құралы / Андасбаев Е.С., Әлімбеков Ж.С., Кенжебеков А.К., Қанағатов Ж.Ж,- Қарағады: «АҚНҰР» баспасы», 2018 – 284 б.

Мемлекеттік экологиялық бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкілетті органның орталық және өңірлік инспекциялары жүргізеді. Оларға өздерінің бақылау және қадағалау қызметін орындауы үшін білікті мамандар, яғни даярланған мемлекеттік экологиялық инспекторлар қажет.
Экологиялық инспекторлар мемлекеттік қызметкерлер болғандықтан, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес әкімшілік қызметке тағайындалу және атқару барысында аттестациядан өтіп отырады.
Инспекторларды даярлау, негізінен орталық орган мен оның өңірлік құрылымдары өткізетін семинар сабақтары арқылы жүргізіледі. Қоршаған орта саласындағы халықаралық ұйымдар, жобалау институттары, мамандандырылған мекемелер де бұл іске өз үлестерін қосуда. Алайда олар инспекторлардың аздаған ғана тобын қамтиды. Осы кемшіліктердің орнын толтыру үшін ұсынылып отырған оқу құралының орны ерекше.