Смагұлова А.С. Дәстүрлі қазақ әдет-ғұрып құқығындағы азаматтық қатынастардың құқықтық реттелу ерекшеліктері. Монография. – Ақтөбе, 2019. -368 б.
Бұл монографиялық зерттеу еңбек қазақ әдет-ғұрып құқығындағы ежелден қалыптасқан азаматтық қатынастардың дәстүр-салттармен байланысты даму ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылған. Қазақ қоғамындағы меншік, неке-отбасы, мұрагерлік, міндеттемелік қатынастардың қазақ қоғамына тән ерекшеліктерін бұрын қолданысқа түспеген тың мұрағаттық құжаттар мен статистикалық, анықтамалық деректер және заңнамалық актілер негізінде қазақ көшпелі қоғамындағы азаматтық қатынастардың даму эволюциясын көрсетеді. Автор азаматтық қатынастарды реттестіру механизмдерін саралау арқылы бұл институттардың қазіргі таңдағы нарықтық экономикаға сай тиімді тұстарын айқындайды. Зерттеу еңбекте азаматтық қатынастардың адамгершілікке, әділдікке, адалдыққа, ізгілікке негізделген тұстары айқын көрсетілген бірегей еңбек. Сондықтан, қазақ әдет-ғұрып құқығындағы азаматтық қатынастардың тиімді тұстарын бүгінгі күнгі азаматтық қатынастарда қолдануды ұсынады.
Монографиялық зерттеу заң университеттері мен факультеттерінің студенттеріне, заңгерлер мен магистранттарға және көпшілік қауымға арналған. >>Оқу>>