Діни-ағартушылық және Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлының әдеби мұрасы

Бермағанбет С.Ж. Діни-ағартушылық және Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлының әдеби мұрасы. Монография. /«Жұбанов кітапханасы» сериясы. -Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспа бөлімі, 2019. – 130 б.

Талантты ғалым С.Ж. Бермағанбеттің бұл монографиясында XIX ғасырда өмір сүрген қазақтың көрнекті ақыны Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлының шығармашылық мұрасы жан-жақты талданып, ғылыми тұрғыда зерделенген. Зерттеуші бұрын замана ыңғайына қарай айтылмай келген ақын шығармашылығына қатысты көптеген тың деректерді тауып, Әбубәкір поэзиясының идеялық маңызын, көркемдік ерекшеліктерін нақты мысалдар арқылы көрсете алған.
Ұстаз, Филолог, С.Ж.Бермағанбет «Аймақтық әдебиеттану мәселелерін» ғылыми айналымға қосқан зерделі зерттеуші еді.
Монография филолог-ғалымдар, докторанттар мен магистранттарға, жалпы оқырман қауымға арналған. >>Оқу>>