Садуақас Н.А. Жұбановтану: Фонетика мәселелері. Оқу құралы. /«Жұбанов кітапханасы» сериясы. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018. – 220 б.
Бұл оқу құралы 5В011700 — «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 — «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 – «Филология» мамандықтары бойынша оқытылатын «Жұбановтану» таңдау пәніне арналып дайындалған. Қ.Жұбановтың қазақ тілі дыбыстары, фонетикалық ерекшеліктері, жіктелуі, буын құрамы, буын жігі, сингармонизм, екпін, латын негізді қазақ әліпбиі мен жазу емлесі, фонетикалық терминдер, т.б. жөніндегі зерттеулері бойынша дәрістер мен практикалық жұмыстар, студенттердің өз бетімен орындайтын жаттығулары, бақылау-пысықтауға арналған аралық бақылау, тест сұрақтары мен глоссарий, қажетті әдебиеттер, оқу-әдістемелік ұсынымдар, т.б. берілген.
Аталған еңбек «Жұбанов тағылымы» ғылыми зерттеу орталығындағы орындалған. «Жұбановтану: Фонетика мәселелері» оқу құралы жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттері мен магистранттарына, оқытушы тіл мамандарына арналған. >>Оқу>>