Пангереев А.Ш. Жер-су атаулары және ұлттық руханият. Монография. /«Жұбанов кітапханасы» сериясы. — Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2018. – 314 б.
Монографияда жер-су атауларының ұлттық руханият дүниесінен алар орны, бұл тұрғыда оның фольклормен тығыз байланыстылығы және соның негізінде ұлттық фольклордың бір саласы – топонимдік фольклор жанрын құрайтын ерекшеліктері зерттелінеді. Жер-су атауларының халық өмірінде алатын орны, мәні мен мазмұны сараланады. Жер-суды тақырып еткен фольклордың жанрлық түрлері жеке-жеке қарастырылып, олардың атқарар қызметі, орындалу ерекшелігі, таралу ареалы талданады. Бұл еңбек туған өлкесінің тарихын, халықтың рухани қазыналарын, айнала қоршаған жер-су атауларының поэтикалық сырын білуге құштар қалың көпшілікке арналады. >>Оқу>>