С.А. Ерманова. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасына әлеуметтік және экологиялық факторлардың әсері: Оқу құралы. Қарағанды: 2016.- 180 б.
Оқу құралында балалар мен жасөспірімдер гигиенасына әлеуметтік және экологиялық факторлардың әсері жасөспірімдердің күн тәртібіне, тамақтануына, мектепке дейінгі мекемелермен мектептегі жағдайларға, олардың киімдеріне, мектеп жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар, дене шынықтыру, сонымен бірге қазіргі таңда жүргізіп жатқан зерттеулер, оқушылардың денсаулығын сипаттайтын күрделі мәселелер, санитарлық нормалар мен ережелер қарастырылған.
Бұл оқу құралы студенттердің білімін шыңдап, арттыруға арналып, жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жазылған.
Бұл оқу құралы медициналық жоғары оқу орындарының жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медико-профилактикалық іс-факультеттерінің, дене шынықтыру мәдениеті және спорт факультеттерінің сондай-ақ, медицина колледжінің студенттеріне арналған.