Дала фольклорының антологиясы. Ғашықтық жырлар. 4-том

Дала фольклорының антологиясы: Он томдық /  Т.Т. Әкімова, Ж.Т. Салтақова. — Алматы: Brand Book, 2019. Т. 4: Ғашықтық жырлар. – 2019. 498 б.

Дала фольклоры антологиясының төртінші томы ғашықтық жырларға арналған. Томға “Қозы Көрпеш- Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Бозжігіт”, “Бозаман”, “Сейпіл-мәлік”, “Талайлы құл мен Әйім қыз”, “Шеризат-Күлшат”, “Жаскелең” жырларының таңдаулы үлгілері топтастырылды.
Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқасын көрсетілген QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады.
Антология мектеп оқушыларына, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларға, халық әдебиетіне қызығушы көпшілік оқырманға арналған.