Г.Қ. Белгібаева, О.А. Михалькова. Педагогтың шешендік өнерінің негіздері: Білім беру бағытындағы мамандарға, ЖОО студенттері мен оқытушыларына арналған оқу құралы (2-ші басылым). – Қарағанды, 2019. – 152 б.
Оқу құралында педагогтың шешендік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін негізгі теориялық материалдар, шешендік өнердің құрамдас бөліктерін қалыптастыру бойынша тапсырмалар кешені берілген. Ұсынылған материалдарды, тапсырмалар мен жаттығуларды «Педагогтың шешендік өнерінің негіздері», «Педагогикалық шеберлік», «Педагогика мамандығына кіріспе» курстарын және 5В010300 Педагогика және психология мамандығының жұмыс оқу жоспарындағы басқа да пәндер бойынша практикалық сабақтар үдерісін өткізуге, сондай-ақ, еңбек жолын жаңа бастаған педагогтардың дербес және өздігімен жұмыс істеуіне пайдалануына болады.
Оқу құралы білім беру бағытындағы мамандар, педагогика мамандығының студенттері, магистранттар мен докторанттар, оқу-тәрбие мекемелерінің жетекшілері мен әдіскерлерге арналған.