Қазіргі заманғы дінтану негіздері

Ғ.Қ. Маймақов. Қазіргі заманғы дінтану негіздері: оқулық. (4-ші басылым). Қарағанды. 2019. -234 б.

Оқулық қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды талдау, діндер мен діни бірлестіктердің қалыптасуы мен дамуы, экстремизм мен терроризмнің қауіптілігін көрсету және алдын алу, діни қатынастарды құқықтық реттеудің жетілдірілуі, елімізде белең алып отырған христиандық және исламдық теріс ағымдардың және олардың миссионерлерінің азаматтарды өз қатарына тартудағы әдіс-амалдарын зерделеу мәселелеріне арналған. Еңбекте әлемдік және дәстүрлі діндер съездерінің Қазақстандағы ғана емес дүниежүзіндегі толеранттылық пен татулықты нығайтудағы рөлі, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының ислам дінімен байланысы, діни бірлестіктерді тіркеу мен қайта тіркеу мәселелері көрсетілген.
Оқулық авторлық бағдарлама негізінде жасалып жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған.