Ш.Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан, Г.Әлімбек, Г.Мамырбекова, Д.Боранбаев. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі. “Ұлттық аударма бюросы” ҚҚ. 2019 – 596 б.
Бұл сөздікте қазақ тіліне шет тілдерден енген 9 мыңға жуық сөз қамтылды. Сөздікке жалпыхалықтық тілдегі сөздер мен кең тараған терминдер алынып, олардың мағынасы түсіндірілді және шығу тегі көрсетілді. Ұсынылып отырған сөздік – қазақ тіліне латын, грек, ағылшын, француз, араб, парсы, испан, неміс, орыс, итальян, қытай, моңғол, португал және өзге де тілдерден әр кезеңде енген кірме сөздерді барынша кең қамтып отырған алғашқы көлемді еңбек.