Р.С. Спабекова. Биофизика. Оқу құралы (2-ші басылым)..- Қарағанды, 2019. – 188 б.
Қазіргі кезде биофизика пәні басқа пәндермен қатар (молекулалық биология, биохимия, физиология және т.б.) өмір туралы ғылымдардың фундаменталды курсының негізі болып табылады. Биофизиканың биофизик емес мамандар үшін, олардың ішінде медиктер, фармацевтер, ауылшаруашылығы мамандарына, ветеринарларға және т.б. кажеттілігі артуда.
Келесі ғасырдағы жаратылыс ғылымдарының дамуын болжау, өмір туралы ғылымдардың болашағы зор екендігін көрсетеді. Олардың ішінде биологиялық физика маңызды орын алады. Негізгі зерттеу нысаны тірі ағза болып табылатын биология ғылымдарының саласы бола отырып, биофизика негізгі физикалық заңдардың әмбебап сипатын және өмір сүру іс-әрекетін оқытып, үйретеді. Биофизика космостық биология мен медицинаның дамуына да зор үлес қосуда.
Оқу құралында тірі ағзаның физикалық қасиеттері, жасушалар мен терінің электрлік касиеттері өмір сүру іс-әрекеті процестерінің термодинамикасы, адам және қоршаған әлемнің физикалық өрістері қарастырылған.