Өтемісова Г.Ж., Джубанова Г.Д., Шокалакова А.Б. Қазақ тілі және ұлттық құндылықтар. Негізгі деңгей. Оқу құралы/ Г.Ж. Өтемісова, Г.Д. Джубанова, А.Б.Шокалакова – Алматы, ССК, 2019 – 132 б.
Бұл оқу құралы қазақ тілін үйренуге және оқытуға арналған. Қазақ тілінің негізгі деңгейіне арналған оқу құралы қазақ әліпбиінен бастап, сөйлеу дағдысына қажетті ең белсенді сөздерді қамтып, тілдесім дағдысына дейін қалыптастрып, үйретеді. Ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету арқылы қазақ тілін меңгерту оқу құралының негізгі ерекшелігі болып табылады. Ұсынылып отырған еңбек қазақ тілі және ұлттық құндылықтарды үйрететін 4- кітаптан құралған кешенді оқу құралының 1-кітабы. Еңбектің мазмұнында адамның дүниеге келуіне байланысты салт-дәстүрлерден бастап, дүниеден өткеннен кейінгі кезеңдерін қамтитын рәсімдер (2,3,4-кітап) көрсетіледі. Оқу құралы қазақ тілін негізгі деңгейде үйренгісі келетін қалың жұртшылыққа арналады.