Алаш және әдебиет

Алаш және әдебиет: Ғылыми жинақ. Құрастырушылар: А.Смағұлова, М.Өндірқан, Ж.Имангаликова. – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2017. – 496 бет.

Кітапқа Алаш қайраткерлерінің әр жылдарда әдебиет жайында жазған мақалалары мен шығармалары енгізілді. Алаш мұрасы – халқымыздың рухани өміріндегі ең қастерлі қазына. Қазақ елінің ұлттық өркениетке жетуіне бар-күш жігерін арнаған Алаш арыстарының әдеби сын, қазақ әдебиеті турасында жазған мақалалары мен азатшыл рухты поэзиясының көтерер жүгі мол.
Жинақ жалпы оқырман қауымға арналады.