Алаш қаласының тарихы

Сыдықов Е. Алаш қаласының тарихы: Зерттеу. – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 2017. – 383 бет.

Кітапта Алаш қаласының тарихы Алашорда үкіметіне қатысты тың деректер, нақты мұрағат материалдары негізінде жазылған. Семей облыстық қазақ комитеті, облыстық және уездік Земство басқармалары, Алашорда үкіметі кеңселері, Алашорда соты мен әскері (милиция) шаттары, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналы редакциялары, «Алашорда» баспаханасы сияқты, т.б. мекемелер орналасқан ғимараттар тарихы жан-жақты айтылады.
Кітап тарихшыларға, жалпы оқырман қауым, педагог мамандар және студенттерге арналған.