Жастар және ғылым – болашаққа қадам

Жастар және ғылым – болашаққа қадам

2019 жылдың 30 сәуірінде АӨМУ  Ғылыми кітапханасының қызметкерлері  Сүндетова Жания мен Жармуханова Слушаш  «Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы,  «Жастар жылы» аясында студенттердің ғылыми жұмыстарын, старт-ап жобаларын, өнерлерін,  марапаттарын насихаттау мақсатында  «Өрелі де өнерлі жастарымыз» атты ғылыми-танымдық шара  өткізді. Ғылыми-танымдық кеш  «Гүлнар» би ансамблінің бишілері Рабиля мен Назеркемнің  «Шашу» биімен ашылды.

Шара барысында  «Жастар және ғылым – болашаққа қадам» – «Молодежь и наука – шаг в будущее» атты студенттердің ғылыми мақалалары жарияланған басылымдар  және марапаттары көрмеленіп, шолу жүргізілді. Ал халықаралық конференциялар жеңімпаздары, президенттік степендиант, «Жас қыран»   атты  Қазақстандағы  ең  үздік 100 студент энциклопедиясына енгізілген  Кулмагамбетова Азиза,  Қонысов Ақылбек ғылыми мақала жазу барысында ізденушіліктің маңызы зор, осы орайда кітапханадан мәліметті көбірек алыңдар деп кеңес берді.

Кәсіби-шығармашылық факультетінің студенті Виктор өзінің спорттық және ғылыми жетістіктері туралы, Стартап жобасы іске асқан Алишер өз жобасы туралы, «Заман біздікі» интеллектуалдық клубының мүшесі Исламбек болса, жастарға : «сілкініс жасап, жанып тұрыңдар. Қай жерде болмасын өз деңгейімізді жоғарыдан көрсете білейік» деген жалынды сөздер айтты. Бұл шараның өтуіне  Данияр Базаргелді – Студенттік парламент төрағасы  өз үлесін қосты.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.