ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ – ӘЛЕМДІК ТРЕНД
2019 жылдың ақпан айының 5-8 күндері аралығында Ғылыми кітапхана мен Эпиграф компаниясының ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң кафедра қызметкерлеріне «Цифрлық білім – әлемдік тренд» атты оқу семинары өткізілді және кітапханадағы бар электрондық мәліметтер қоры таныстырылды.
Бұл аталмыш шараға 228 кафедра қызметкерлері мен қызығушылық танытқан студент жастарымыз да қатысты.
Семинар қатысушыларына мультимедиялық электрондық оқулық пен электрондық мәліметтер қорларына тіркелу жолдары, қолдану тәсілдері көрсетілді және де оқытушыларға оқу процесінде мультимедиялық электрондық оқулықтарды аппробациялау арқылы, студенттермен тығыз байланыста жұмыс жасауға шақырды.
Көрнекі, қызықты, мағыналы, әрі әсерлі өткен семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.
Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.