Тәуелсіздік тірегім

“Тәуелсіздік тірегім”

2018 жылдың желтоқсан айының 11-і күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің жоғары колледжі және тарих факультетінің ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып “Тәуелсіздік тірегім” атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Студенттеріміздің тәуелсіздік алғалы 27 жыл ішінде жеткен жетістігімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту, Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді жастар екенін ұғындыру. Дөңгелек үстеліміздің құрметті қонағы тарих ғылымдарының кандидаты, доценті Абенов Д.Қ. және жоғары коллледж директоры Гүлжан Нұрланқызы сөздерін сөйлеп пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар Кітапхана бөлім меңгерушісі Назарбаев Нурсултан Абишевич “Основатель независимого государства”, “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, Д. Жамбылов “Тәуелсіздік және сана” кітаптарынан библиографиялық шолу жасады. Оқытушылар және студенттер Желтоқсан көтерілісі тақырыбына өлеңдер оқыды. Кітапхана қызметкерлері “Тәуелсіздік-еліміздің ерлік жолы ” атты көрме және инсталляция ұйымдастырды.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.