Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы
Автор: Ювал Ноаһ Харари
ISBN 978-601-7943-26-4
Тілі: қазақша
Баспа: Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры
Жылы: 2018 жыл.
Бет саны: 368 бет.
Жүз мың жыл бұрын Homo sapiens осы ғаламшарда өмір сүрген алты түрдің бірі еді. Экожүйеде горилладан, жарқырауық қоңыздан немесе медузадан артықшылығы жоқ, елеусіздеу жануар болатын. Шамамен 70 мың жыл бұрынғы Homo sapiens-тің когнитивті қарым-қабілетінің жұмбақтау өзгерісі оны ғаламшардың қожасына әрі экожүйенің тажалына айналдырып жіберді. Ал басқа түрге не болды? Ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар қалай құрылды және күйреді? Неліктен барлық қоғамда әйелдерді еркектерден төмен қойды? Ғылым мен капитализм қалай ғана жаңа заманның ең басты арқа сүйеріне айналып шыға келді? Жүйткіген уақыт ағымында адамдар шынайы бақытқа кенеле алды ма? Болашақта бізді не күтіп тұр?
Кітап өткен кезеңдердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.