Цифрлық білім – әлемдік тренд

«Цифрлық білім – әлемдік тренд»

2018 жылдың желтоқсан айының 11-14 күндері аралығында ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң кафедра қызметкерлеріне New book компаниясы «ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ – ӘЛЕМДІК ТРЕНД» атты оқу семинарын өткізді. Бұл аталмыш семинарға 228 кафедра қызметкерлері мен қызығушылық танытқан студент жастарымыз да қатысты.

«New book» ЖШС компаниясының өкілдері семинар барысында мультимедиялық электрондық оқулық пен электрондық мәліметтер қорымен таныстырды.

Мультимедиялық электрондық оқулықтың теориялық (видео, анимация, текст), практикалық (тесттер, тапсырмалар) және интерактивтік (прогресс, нәтиже) бөлімдеріне көрнекі шолу жасады.

 

Семинар қатысушыларына мультимедиялық электрондық оқулық пен электрондық мәліметтер қорына тіркелу жолдарын, қолдану тәсілдерін көрсетті және де оқытушыларға оқу процесінде мультимедиялық электрондық оқулықты аппробациялау арқылы, студенттермен тығыз байланыста жұмыс жасауға шақырды.

Көрнекі, қызықты, мағыналы, әрі әсерлі өткен семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.