Абай – дана, Абай – дара қазақта

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты музыкалық-поэтикалық кеш

2018 жылдың 27 қыркүйегінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының және «Бейнелеу өнері, кәсіптік және музыкалық білім» кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті.
Бұл музыкалық-поэтикалық кеш кітапхана ұжымы, музыкалық мамандық студенттерінің 101 тобы , топ кураторы Ермекбаев Әли Ақбергенұлымен  бірлесе өткізілді.


Музыкалық-поэтикалық кеш барысында көрермен-оқырмандар   Абайдың өмірі мен шығармашылығынан, философиялық ойларынан,  әні мен күйінен сусындады, «Абай» операсынан «Қыздар биін»,  «Ақын қонақтар» атты сахналық көрініс тамашалады.
Шараны ұйымдастырушы бас кітапханашы Сүндетова Жәния Сағынайқызы  «Абай- дана, Абай- дара қазақта»  атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқырмандарға кітапханадағы сыйға тартылған кітаптар турасында айтып кетті.

Бұл ғылыми еңбектерді авторлары, университет ректоры, Абайтанушы ғалым, профессор Б.А. Ердембеков және Педагогика ғылымының кандидаты, музыка кафедрасының доценті Ж.Е. Зейнуллина кітапхана қорына табыстады. Бұл еңбектердің маңыздылығына тоқталып, студенттерге оқу процесінде қолдануға кеңес берді.



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.