Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл
2018 жылдың қараша айының 20 күні тарих факультетінің ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар залында Қобыланды ИПК студенттерімен бірге қазақтың ханы “Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл” атты тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Т.ғ.к. , доцент Бегембаева Ж.С. осы аталмыш шараның маңыздылығын айтып өтті. Кітапхана бөлім меңгерушісі Абдуллина Э.У. “Казақ хандары”, “Әбілқайыр хан”, “Хан Абулхаир хан полководец, правитель и политик” және “1736 жылы кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапар туралы” кітаптарына библиографиялық шолу жасады. 1 курс тарих-дінтану мамандығының студенті Файзолла Али «Әбілқайыр ханның Ресей империясына қосылу ақталады» деген тақырыппен баяндама оқыды.
Тарих факультетінің студенттері Мұратов Есбол мен Аманқос Абай «ҚСРО заманда және қазір қалай оқудамыз», «Әбілқайыр хан ұрпақтары» тақырыптарына дебат өткізді. Қатысушылар “Әбілқайыр хан және ұрпақтары” видеофильмін тамашалады. Тарих факультетінің саяси ғылымдар кандидаты Кенесов Асхат Алмасұлы отырыс соңын өз сөзімен қорытындылады. Аталмыш шараға студенттер қатысып, пікірлерімен бөлісті. Шараның соңында студенттер алғыс хатпен марапатталды.
Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.