Қош келдің студент!

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ғылыми кітапханасына  қош келдің, студент!

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ғылыми кітапханасында, бірінші курс студенттерін бейімдеу аптасы аясында, 2018 жылдың 3 – 13 қыркүйек аралығында кітапхана қызметкерлері, барлық мамандықтың  бірінші курс студенттерін қамтитын  таныстыру экскурсиясын өткізді.

Таныстыру экскурсиялары барысында студенттер кітапхана тарихымен танысты.
Университет кітапханасының табалдырығын алғашқы рет аттап тұрған студенттерге оның оқу залдары мен бөлімдерінің орналасуымен танысу өте маңызды. Сондықтан студенттерге өз мамандығы бойынша әр ғимаратта орналасқан, абонемент және оқу залдары таныстырылды. Сондай-ақ, бірінші курс студенттері мерзімді басылымдар  залдарында да болды.

Студенттер үшін белгілі баспалардың электронды деректер қорына қосылған электронды кітапхана қызметі бар екені және  кітапхананың барлық оқу залдарында Wi–Fi желілеріне  қосылу мүмкіндіктері қарастырылғаны айтылды.

Кітапхана қызметкерлері студенттерге кітапханаға тіркелу ережелерін түсіндірді. Интерактивті технологияларды пайдалана отырып,электронды  каталогпен  қалай жұмыс істеу керек, қажет ақпаратты қалай табу керек, электронды деректер қорын қалай қолдану керек екенін түсіндіріп айтып берді.

Қазір сеніммен айта аламыз:  бірінші курс студенттері ғылыми кітапханамен таныс!



Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.