«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША БАСПАДАН ШЫҚҚАН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ 17 ОҚУЛЫҚ
Талқылау басталғанға дейін алғашқы 17 кітап Жұбанов университетінің ғылыми кітапханасымен ұйымдастырған көрмеде таныстырылды.
Ақтөбе облысының ішкі саясат бөлімі және облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірлесіп өткізіліп отырған бүгінігі шарада университет э.ғ.д, профессор Бауыржан Жүнусов, ф.ғ.д, профессор Күлзат Садирова, психлогия ғылымының PhD докторы Жания Ахметова кітаптарды мемлекеттік тілге аудару туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, философия ғылымының докторы, профессор Амангелді Айталы Реми Хенің «Иудаизм, христиандық пен исламдағы. 4000 жылдық ізденіс: құдайтану баяны» кітабі туралы өз ойын айтты. Профессор аталмыш кітаптың түпнұсқадан жасалған аудармасы түсінікті және құзыретті екендігін атап өтті.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша баспаға дайындалатын әлемнің 42 елінде 34 тілде жарияланған, жалпы таралымы 47 миллион дананы құрайтын философия, әлеуметтану, психология, экономика және басқа да пәндер бойынша әлемдік ойлардың алтын қорына енген кітаптар санын 100-ге жеткізу жоспарланып отыр.
Талқылау соңында облыстық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің үйлестірушісі Дәулет Әбенов, аталған жоба аясында жарияланған 10 кітап Жұбанов кітапханасы сериясымен басылып шықканы туралы айтты.
Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.