ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАДА ӨТКЕН ІС-ШАРАЛАР
Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ бас ғимаратында Ғылыми кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен №1 оқу залында ерекше форматта іс-шара өткізілді. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған шара үш бағыттың басын қосқан еді. «LIBRARY» караоке-клубы өз оқырмандарына қонақжайлық көрсетіп, оқу залы «кафе» болды.
Бұл шараны өткізуге жауапты кітапхана қызметкерлері Сүндетова Ж.С. және Шаншарова Г.И. оқу залын «LIBRARY» караоке-клубы ретінде безендіріп, шараның ашылу бөлімін ұйымдастырды. Шараның мақсаты мен міндетін айтып, қонақтармен таныстырды.
Бірінші кезекте «Жас қаламгер» атты университет студенттерінің қаламынан шыққан жинақ. Сол басылымда жарық көрген шығармалардың авторларына «Жас қаламгер» кітабын табыстау, құттықтау. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Қартбаева Жайнагүл Жаншаевна шығармашылыққа жаны жақын, ақынжанды студенттерді құттықтап, оларға «Жас қаламгер» кітабын табыстады.
Үздік оқырман – «Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенттері оқу керек 100 кітап» жобасының қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау. Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Балтымова Мира Рашидқызы осы кезекті марапаттау рәсімін өткізді.
«LIBRARY» караоке-клубы бүгінгі таңда рухани қазынаға айналған – рухани азықтың мәзірімен таныстырып, соңынан «тоқбасарға» әдеби караоке ұсынды.
Ас мәзірінде: «Болашаққа бағдар» ассортиі – ұлттық сана, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық бірегейлік, эволюциялық даму, білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілік. – осы бағыттағы әдебиеттер.
«Табысқа жол» салаты – бизнес, кәсіпкерлік, шешендік, саясат, бәсекеге қабілеттілік және «іскерлік» тұздығы – сәйкес келетін әдебиеттер.
«Классикалық оливье» салаты- құрамы: роман, поэзия, проза, детектив, оқулықтар мен ғылыми басылым және осының бәрін «кітапхана» тұздығымен араластыру .
«Балды сүт» сусыны- сәби шыр етіп дүние есігін ашқан кезден, анасының ақ сүтін емеді, бесік жырын тыңдап ұйықтайды, еркелейді, әрі қарай өсіп-өніп адам болады. Ол физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, табиғи құбылыс. Бұлардың барлығы осы сусынның құрамында бар.
«Табиғи» сусын – Табиғат ерекшеліктері, туған өлке, өзен-сулар, ерекше қорғалатын табиғи қорықтар, қызыл кітап, экология, биология, жаратылыстану осының бәрі осы табиғи сусын құрамы.
«Махаббат лирикасы» сусыны – оның құрамы махаббатқа толы: анаға, туған жерге, Отанға, білімге, музыкаға, поэзияға, тіпті мамандығына, ия, ия олай да болады және сүйіктісіне деген махаббат. (Әр рухани азыққа- арналған кітап көрмесіне тоқталу)
Тоқбасар – сүйсініп, ляззат алып, рахаттанып дәмін тататын тәтті тағам. Тоқбасарға «Құлаққа кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» – «Әдеби караоке». Бұл тоқбасарға тізім бойынша өлеңдер жазылған мәзір. Тапсырыс берген кезде музыка мен экран бетіне өлең сөздері шығады. Студенттер кезегімен караокемен өлең оқиды.
«LIBRARY» караоке-клубының белсенді қатысушыларына марапатты Қ.Жұбанов ат. АӨМУ ғылыми кітапханасының директоры Мазылбекова Илия Оразғалиқызы жүргізді.
Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.