Мустафаева Р.М., биология ғылымдарының кандидаты
Биологиялық химия: Жоғары оқу орындарына арналған дәрістік курс оқу құралы / Мустафаева Р.М. — Алматы, Альманахъ, 2023- 159 б.
Бұл дәрістік курс оқу құралында адам мен жануарлар тіршілігінің химиясы, азық-түлік биохимиясы, оның адам организміне әсері сипатталады.
Организмдерді зерттеу бағыты бойынша биохимияны статикалық (зерттелетін заттардың химиялық табиғаты және қасиеттері жайында), динамикалық (заттардың организмге түсу кезеңінен олардың зат алмасудың артық өнімдерінің шығуына дейінгі өзгерістері) және функционалдық биохимияға бөлінген. Дәрістік курста зертханалық және бақылау жұмыстары мен тест сұрақтары, пайдаланатын әдебиеттер тізімі әрбір тақырыпқа сай берілген.
Дәрістік курс жоғарғы оқу орындарының дәрігерлік биотехнология және технологиялық т.б. мамандықтарда кредиттік технология бойынша оқитын студенттер мен олардың оқытушыларына арналған.