Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістемелері

Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістемелері: оқу құралы, екінші басылым / Н. Торманов, Н.Т.Абылайханова, С.Т. Төлеуханов, Б.И. Уршеева, Ж.М.Басығараев. Алматы: Дарын, 2023. -310 б.

«Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістемелері» атты оқу құралы негізінен биология, биотехнология мамандықтары бойынша білім алатын бакалаврлерге, магистрлерге арналған.

Концепция дегеніміз қандайда бір тарихи құбылыс жайлы көз қарасты құрастыру принципін алдын ала іске асыру. Қоғамдық және мәдени өмірдің құрылымына және бағытына ғылыми ізденіс жүргізіп, одан кейін білім беру мен тәрбиелеудің мағынасын анықтау. Өткен тарихқа сүйене отырып болашағына болжам жасау арқылы бүгінгісін түсінуге мүмкіндік туғызады. Сондықтанда, өткен тарихымызды білу дегеніміз кеткен қателерді қайталаудан сақтандырады, жеткен жетістіктерімізді дамытуға жол ашады. Оқу құралында биологиялық концепцияның жалпы мәселелері, биологиялық үрдістер, түсініктер жан-жақты ашылған, оларға байланысты теориялар мүмкіндігінше кеңінен келтіріліп, проблемалардың даму тарихы нақты суреттелінген.

Оқу құралында оқу-тәрбие жұмыстарының заманауи инновациялық әдістемелері, болашақ педагог-мұғалімдерді дайындау барысында биологиядан сабақ берудің теориялық және практикалық әдіс-тәсілдері баяндалған. Сонымен қатар оқу құралында оқытудың жаңа технологиялары: кейс-стадии, кіріктіріп оқыту мен дамыту жолдары, модульдік білім беру, проблемалық жағдай туындатып оқыту, пән мұғалімінің құзыры, әлеуеті мен кәсіби біліктігінің жоғары деңгейде болуы қарастырылған.