Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М.
Аймақтық экономика: оқу құралы // Ж.Я. Әубәкірова, Ж.М. Құдабаева. – Алматы: Дарын, 2023. – 174 б.
Оқу құралында Қазақстандағы аймақтық экономиканың, аймақтық саясаттың теориялық мәселелері баяндалған.
Өндірістік күштерді орналастырудың заңдылықтары, қағидаттары мен факторлары көрсетілген, Қазақстанның аймақтары бойынша өнеркәсіптің салалық құрылымы, отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік кешені берілген, аймақтың экономикалық әлеуетін қалыптастыру мен дамыту, аймақтық даму болжамдары мен бағдарламаларын әзірлеу мәселелері зерттелген. Аймақтың қаржылық, салық, инвестициялық, инновациялық саясатын әзірлеу мәселелері талданған.
Кітап экономика мамандығы бойынша оқитын бакалавриат студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға, оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары мамандары мен қызметкерлеріне арналған.