Есжанов Б.Е., Сапарғалиева Н.С.
Зоология. Екі бөлім. Омыртқалылар зоологиясы. 2-бөлім. – Алматы: Дарын, 2023. – 356 б. 2-басылым (өңделген, түзетілген)
Оқулықтың екінші бөлімінде омыртқалы жануарлардың құрылым ерекшеліктері, биологиясы, экологиясы, олардың алуан түрлілігі және шаруашылық маңызы туралы соңғы мәліметтер жан-жақты қарастырылған. Оқулық жаңа заман талаптарына сәйкес ашылып жатқан зерттеу университеттері мен барлық классикалық университеттердің «Биология және сабақтас ғылымдар» («Биология», «Биология-педагогика», «Биотехнология», «Экология», «Биомедицина», «Биоинженерия», «Генетика», «Микробиология» және т.б.) және «Биологиялық ресурстар» («Балық шаруашылығы», «Аңшылықтану және аң өсіру», «Орман шаруашылығы» және т.т.) мамандықтары бойынша білім алушы бакалаврлар мен магистранттарға арналған.