Машеков С.А.
Наноқұрылымды және ультраұсақтүйіршікті титан қорытпаларын жасаудың жаңа технологиясы: Монография / Машеков С.А., Машекова А.С., Тусупкалиева Э.А., Тукибай А.А. – Алматы. Альманах, 2018. – 355 бет.
Осы кітапта нанокристалды немесе ұсактүйіршікті құрылымы бар титан қорытпасынан жасалған каңылтырды өңдеудің жаңа технологиясы ұсынылған. Бұрандалы пішінбілік пен жан-жақты соғу дамытатын қарқынды пластикалық деформацияны қолдану жолымен, қаңылтырда айтылған наноқұрылым алынған. Айтылған жұмыста дайындамаларды бұрандалы пішінбілік пен бойлық-сыналы орнақта немесе жан-жақты соғумендеформациялаған кезде, оларда пайда болатын кернеулі-деформациялы күй зерттелген. Шеткі элемент әдісімен және MSC. SuperForge бағдарламасымен бұрандалы пішінбілік пен бойлық-сыналы орнақта илемдеуді және жан-жақты соғуды модельдеп, кернеулі-деформациялы күй мен температураның таралуының негізгі заңдылықтары анықталған және сандық мәліметтері табылған. Илемдеуді модельдеген кезде әртүрлі өтім саны және дара жаншулар қолданылған.Титан қорытпаларын жаймалаудың ұтымды технологиясы жасалып, зертханалық жағдайда сынаған және бұрандалы пішінбілік пен бойлық-сыналы орнақта немесе жан-жақты соғумендеформациялаған кезде, осы қорытпаларда наноқұрылымды немесе ұсақтүйіршікті қалыптастыратын деформациялау режимін талдауға ерекше көңіл бөлінген.
Кітап металлургия және машинажасау салаларында материалтану мәселелерімен айналысатын мамандарға және ғылыми қызметкерлерге арналған, сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарының докторанттарына, магистранттарына және студенттеріне пайдалы болуы мүмкін.