Финансовый менеджмент

Мизамбекова Ж. К., Шаршанқұлова Д.
Финансовый менеджмент : оқу-әдістемелік құрал / Ж. К. Мизамбекова, Д. Шаршанқұлова-Алматы: Альманахъ, 2021-134 б.

“Қаржы менеджменті” пәнін зерделеу объектісі қаржы, инвестициялық ресурстарды, бағалы қағаздар портфелін басқару және бизнестің табыстылығын объективті бағалау жөніндегі қызмет болып табылады. Бұл курстың пәні қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынды қаржылық басқарудың негізгі тұжырымдамалары мен әдістері болып табылады.

Бұл курстың мақсаты мемлекеттік білім беру стандартына және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес қаржылық менеджмент саласында кәсіби қызметті орындау және жүргізу үшін жеткілікті дәрежеде білімі, білігі мен дағдылары бар мамандарды даярлау болып табылады. Қаржылық менеджмент теориясы мен практикасының өзара әрекеттесуінің маңызды негіздерін, қаржыны басқару қажеттілігін, оның дәстүрлі және арнайы функцияларының мазмұнын, қазіргі жағдайда осы басқарудың рөлі мен маңыздылығын ашу.