Орман шаруашылығын құру және агроорманмелиорациясы

Ожанов Г.С.
Орман шаруашылығын құру және агроорманмелиорациясы: Оқу құралы / Г.С. Ожанов – Алматы, Альманахъ, 2019 – 172 б.

Бұл оқу құралында аймақтардың ландшафтылық жабдықталуы үшін орманшаруашылығының маңызы, орманның және қорғаныш екпе ағаштарының  мелиоративтік және әлеуметтік орны, орман екпе ағаштарының құрамы мен құру технологиясы, түрлері, құрылымы, ауылшаруашылық жерлерінің өнімділігінің артуына, жел ағындарына, ауа температурасы мен ылғалдылығына, булану үрдістері мен қар тоқтату жұмыстарына олардың әсері, егістік алқаптарды қорғайтын және жайылымдардағы қорғаныш екпе ағаштары, экологиялық және  экономикалық тиімділігі сипатталған. Топырақ эрозиясы және онымен күресу, құмдарды бекіту және оларды шаруашылық игеру жолдары қарастырылған биологиялык, ауылшаруашылық және жерге орналастыру мамандығының білім алушылары мен ауылшаруашылық кәсіптерімен айналысатын мамандарға арналған.

Орман шаруашылығын құрудың негіздері, ұйымдастыру және жүргізу, орман шаруашылық шараларды жобалау мәселелері көзделген. Оқулықтың мәліметтеріне жүгіне отырып, әр маман өздігінен қарастырылатын сұрақтарды талдап, орта жағдайының нақты бағалануына, болашақтағы нысандардың түрлеріне сипаттама беріп, оларды жобалау шараларын іске асырып, тиімді жақтарын көрсетіп, қорғау орман ағаштарын аумақ аймақтарыңда жоспарлаудың әдістемесін игеріп, қорытынды істей алады.