Медеубаева К.Т.
Оқыту нәтижелерін бағалау әдістемесі. Оқу құралы / К.Т. Медеубаева, Д.Қ. Садирбекова. – Алматы, Альманах, 2019. – 138 б.
Оқу құралына білім алушыларға арналған теориялық материалдар енген. «Бағалау», «Бағалау жүйесі», «Бағалау өлшемдері» ұғымдарымен таныстыру, оқытуды бағалау технологиясының педагогикалық-ұйымдастыру негіздерін анықтау, оқытудың нәтижесін бағалауды қазақстандық жүйеде бар ғылыми жетістіктер негізінде үйрену, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және әрбір білім алушының оқу жетістігінің деңгейлерін қалыптастыру стратегиясы жайлы жазылған.
Оқу құралы тек студенттеріне ғана емес, магистранттарға, докторанттарға, жоғары және арнаулы педагогикалық оқу орны оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге, орта мектепте, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде білім сапасы мен оны бағалау мәселелерімен шұғылданатын арнайы мамандарға пайдалануға арналған.