Генетика

Алимарданова М.К.
Генетика: оқу құралы / М.К. Алимарданова – Алматы: Альманахъ, 2022 – 286 б.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Генетика мәні мен даму тарихы. Негізгі кезеңдері. Жасушалық тұқымқуалаушылық тетіктері. Белгілердің тұқымқуа-лаушылық заңдылықтары мен тұқымқуалаушылық прициптері. Полигибридті шағылыстыру кезіндегі тұқымқуалаушылық. Гендердің өзара әрекеттесуі кезінде тұқымқуалаушылықты анықтау. Жынысын анықтау. Жынысқа байланысқан белгілердің тұқымқуалауы. Байланысу мен кроссинговер. Ядродан тыс тұқымқуалаушылық. Тұқымқуалаушылықтың молекулярлық негіздері. Хромосома N және гендердің жұқа құрылысы, геном ұйымдасуы. Тұқымқуалаушы материалдың өзгергіштігі. Мутациялардың себептері және оларды жасанды шақыру. Түрлендіру мен реакция нормасы. Гендердің белсенділігін реттеу. Микроорганизмдер генетикасы. Мутациялар мен рекомбинациялардың молекулярлық механизмі. Жеке дамуы генетикасы. Популяциялар генетикасы. Эволюцияның генетикалық механизмдері. Селекцияның генетикалық ерекшелікгері. Гендік инженерия.

Біліктілігі: Генетикалық биометрия әдістерін пайдалана отырып есеп шығару; Экспресс әдістермен өсімдіктер мен жануарлардың кариотиптерін айқындау; ДНК және РНК қатысуымен ақуыздардың биосинтез процестерін модельдеу;

Дағдылары: Өсімдіктер мен жануарлардың жаңа селекциясында эксперименттік мутагенез әдістерін пайдалану.

Сомпетенциялар: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің теориялық мәселелерін зерделеу кезінде алынған қорытындылар практикалық генетика алдында тұрған мәселердің шешімі үшін негіз ретінде қызмет етеді.

Оқу құралы генетикамен айналысатын көптеген оқырмандарға, сондай-ақ генетика, биология, биотехнология, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиясы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларында зерттеулер жүргізетін орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға арналған.