Өсімдіктерді химиялық қорғау

Габдулов, М.А. және т.б.
Өсімдіктерді химиялық қорғау: оқу құралы / М.А. Габдулов, А.К. Тулеева, Г.М. Юсупова – Алматы, Альманахъ, 2019-301 б.

Оқулықта ауылшаруашылық дақылдарын зиянды ағзалардан (зиянкестер, аурулар, арамшөптер) химиялық жолмен қорғау мәселелері қарастырылған. Сондай-ақ оқулықта химиялық қорғауда қолданылатын пестицидтердің әсер ету механизмімен қатар, өсімдік қорғау мақсатында қолданылатын химиялық заттар -толық сипатталған. Жалпы бөлімде агрономиялық токсикологияның негіздері,«пестицидтердің қоршаған ортаға әсері, санитарлық-гигиеналық және физикалық-химиялық қолдану қағидалары қарастырылған. Арнайы бөлімде Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген пестицидтер туралы мәліметтер келтіріледі.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин», 5В080100 – «Агрономия» саласындағы басқа да мамандықтар бойынша дайындалатын студенттерге, 6М081100 – «Өсімдік қорғау және карантин», 6М080100 – «Агрономия» мамандықтарының магистранттары мен 60081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» және 60080100 – «Агрономия» мамандықтарының РhDдокторанттарына, сондай-ақ, ауылшаруашылығы өндірісі мамандарына арналған.