Жоғары сатыдағы өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы

Торсыкбаева Б.Б.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы: Оқу құралы / -Альманахъ, Алматы, 2022 -213 б.

«Жоғары сатыдағы өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы» пәнінен оқу құралының оқытушыларға арналған кітабы, дамытушы оқулықтың жетілдірілген жүйесінің дайын сценарийі. Онда дәрістер жинағының мазмұны қамтылған. Студенттер жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған тапсырмаларды қадам-қадаммен орындау арқылы аралық нәтижелерге жетіп отырады. Әр студент үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындау арқылы критерийлік жүйеге сәйкес ұпай жинайды. Оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес зертханалық жұмыстардың орындалу тәртібі туралы ақпарат та беріледі. Оқу құралының кітап нұсқасымен қатар, автоматтандырылған жүйесі арнайы дискіге жазып, бөлек ұсынылады.

«Жоғары сатыдағы өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы» пәнінен оқу құралы -5В110300 «Фармация» мамандығында оқитын студенттерге арналған білім стандартына сәйкес базалық білім мазмұны енгізілді.