Қоғамдық ғимараттар сәулеттік тұрпаттануы

Дүйсебай Е.К., Дүйсебай Е.Е.

Қоғамдық ғимараттар сәулеттік тұрпаттануы. «Сәулет» мамандығына арналған оқулық – Алматы: ЖШС “Лантар books”, 2023.-355 б.

Ұсынылып отырған «Қоғамдық ғимараттар сәулеттік тұрпаттануы» атты оқулық болашақ қоғамдық ғимараттар сәулетінің дамуы мен атқаратын міндеттерін айқындау, сәулеттік тұрпаттарын ғылыми негізде жобалау қағидаларын зерделеуге арналған.

Сәулетші мамандар дайындау саласындағы білім беру процесінде «Қоғамдық ғимараттар сәулеттік тұрпаттануы» пәнінің алатын орны зор. Болашақ сәулетшілер қоғамдық ғимараттар сәулетінің дамуы мен жаңа тұрпаттарының қалыптасу заңдылықтарын зерделеп, жаңа тұрғын орта құру қағидаларына сай өскелең талаптарға негізделген жобалар туындау жолдарын кәсіпті игеруі заман талабы.

Оқулық сәулетші мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, сәулетші мамандарға және жобалау-құрлыс саласының мамандарына арналған.