Мамырбаева К.Қ., Луганов В.Л. Күйдіру және балқыту технологиялары: Оқу құралы – Алматы: New book, 2021. – 148 б.
Оқу құралында пирометаллургиялық күйдіру және балқыту процестерінің технологиялары келтіірілген. Соның ішінде металдардың оттегіге, күкіртке және галогендерге жақындығы, металл оксидтерінің, сульфидтерінің және галогеңді қосылыстарының диссоциациялану, тотығу және тотықсыздану ерекшеліктері, оларды күйдіру жағдайлары, күйдіру жабдықтары, балқыту процесі, балқытуда түзілетін сұйық металл, шлак және штейн, олардың құрылысы туралы теориялар және физика-химиялық қасиеттері, минералды кендік шикізаттарды әр түрлі пештерде балқыту, балқытудың технологияларының көрсеткіштері туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар таза металды алу мақсатымен жүргізілетін тазарту, арнайы балқыту процестері қарастырылған.