Медеубаев Н.А. Тау-кен кәсіпорындарының аэрологиясы: оқулық / Н.А. Медеубаев, Б. Хусан – Алматы: New book, 2021- 288 бет.
Кеніш атмосферасының құрамы мен қасиеттері, желдету арналары мен ауа өткізу құбырларындағы ауа қозғалысының заңдары қарастырылған. Ауа арналарының аэродинамикалық кедергісінің механизмі туралы баяндалған. Тартым көздері туралы қажетті мәліметтер, желдету желілерін есептеу әдістері және желдету жүйесінде ауаны бөлуді басқару тәсілдері келтірілген. Желдету ағынының газ және шаң динамикасы қарастырылған. Ашық тау-кен жұмыстары мен өнеркәсіптік объектілерді желдету сұлбасы мен тәсілдері сипатталған.
Оқулық «Тау-кен кәсіпорындарының аэрологиясы» пәні бойынша «Тау-кен ісі» мамандығы және «Өнеркәсіптік желдету» пәні бойынша «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша білім алатын бакалаврларға, сондай-ақ өнеркәсіптік аэрология саласы бойынша маманданатын магистранттарға арналған.